Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс Басқарушы Абай Бисембаев шараға қатысушыларды ұлттық мерекемен құттықтады. Өз сөзінде тәуелсіздік алғаннан бері 27 жыл ішінде елімізде болған және мемлекет пен дүниежүзі үшін негізгі саналатын оқиғаларды айтып кетті.
«Айтарлықтай реформалар жасалды. Қысқа мерзім ішінде Қазақстан халықаралық беделге ие болды және өңірде маңызды геосаяси рөлі арта түсті. Біздің мемлекет өңірлік және жаһандық мәселелерді шешуде халықаралық әріптес ретінде қажеттілікке ие.» -деп атап өтті Абай Бисембаев.
Іс-шара аясында Іс Басқармасының қызметкерлері мен ардагерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды: Қазақстан Республикасының «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» және «Астанаға 20 жыл» медальдары, құрмет грамоталары. Сонымен қатар, өзге де қызметкерлер Іс Басқармасының құрмет грамоталарымен марапатталды. Мереке қарсаңында ҚР ПІБ 40 қызметкері наградталды.
«Іс Басқармасы елде болып жатқан маңызды үдерістердің ажырамас бөлігі болып табылады. Бүгін біз алға қойған мақсаттарды іске асыруға белсенді қатысып, мемлекеттік міндеттерді шешуге өз үлесімізді қосуымыз, сондай-ақ Іс Басқармасына жүктелген міндеттерді лайықты әрі сапалы орындауымыз керек.»-деп сөзін аяқтады Абай Бисембаев.