Мемлекеттік қызметшілерге қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Тұңғыш Президент күніне орай Үкімет үйі ғимаратында спорт залын ұйымдастырды.
Аталған ғимаратта қызмет ететін Президент Әкімшілігі мен Үкімет қызметкерлерінің спортпен шұғылдануына үлкен мүмкіндік туды.
Залдар бүкіл бұлшықетті жаттықтыратын қазіргі заманғы құралдармен жабдықталған, оның ішінде кардиожаттықтыру, душ кабиналары, киім ауыстартын бөлмелер бар. Жаттығулар кәсіби спорт нұсқаушыларының сүйемелдеуімен жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшілерді сауықтыру бағдарламалары Іс Басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдары қызмет көрсететін ғимараттарда кезең кезеңімен іске асырылып келеді. Жоба сананы жаңғырту тұрғысындағы «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының және Қазақстан Президентінің ұлтты үйлесімді дамытуға бағытталған саясатының аясында әзірленіп, іске асырылып жатыр.
Спорт залының ашылу салтанатына Іс Басқармасы аппаратының басшысы Азамат Әмірғалиев, Президент Әкімшілігінің ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі Ғани Тілеубеков, Президент Әкімшілігі мен Үкіметтің мемлекеттік қызметшілері қатысты.