Басты бетБурабайда жаңа мешіт ашылды

Бурабайда жаңа мешіт ашылды

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Ақмола облысы Бурабай ауылындағы әлеуметтік объект – мешіт құрылысының аяқталғаны жөнінде хабарлады.

UEK_9290.JPG

Ағаштан салынған мешіттің ескі ғимараты өрттен қирап қалғандықтан, Бурабай ауылының тұрғындары мен қонақтары шамамен бір жылдай мешітке бара алмады. Жаңа мешіттің ғимараты ҚР ПІБ бастамасымен жылға жуық уақытта салынып бітті: құрылысы 2018 жылғы қаңтарда басталған болатын, ал бүгінде діни ғимаратты пайдалануға беруге дайын. Ол жаңартылған Бурабай ауылының сәулет ажарын кіргізіп тұр.

UEK_9602.JPG

Жалпы алаңы 1659 м2, жер учаскесінің көлемі 7771 м2 құрайды.                150 орындық мешіт үш қабаттан тұрады, соның ішінде ерлер мен әйелдерге арналған екі ғибадат бөлмесі, кітапхана, имамның кабинеті, 140 орындық қатымхана (ас беретін зал) бар. Келушілерге қолайлы болу үшін ғимараттың айналасындағы аумақта автомобиль тұрағы, гүлзарлар және жаяу жүргінші жолдары жасалған. Объектінің ішінде Променад, Конгресс-холл бар болғандықтан, оны үлкен сәулет кешенінің бір бөлігі деуге болады.

UEK_9646.JPG

Мешіт Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қадағалауымен салынды. Қаржыландыру міндетін ҚР Президенті Іс басқармасының «Кәсіпкерлік бастамаларды дамыту қоры» өзіне алды.

Құрылысы аяқталған соң мешіт ҚМДБ қарауына тапсырылды.

UEK_9268.JPG

Мешіттің ашылу салтанатына Қазақстанның бас мүфтиі Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Ораз және Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин қатысты, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының аппарат басшысы Азамат Әмірғалиев.