Басты бетҚР ПІБ-де Конституция күніне орай салтанатты жиын өтті

ҚР ПІБ-де Конституция күніне орай салтанатты жиын өтті

Конституция күні қарсаңында ҚР Президентінің Іс басқармасында Ата заңымыздың мәні мен маңыздылығы туралы айтылды.

UEK_6740.jpg

Салтанатты жиынды Іс Басқарушының бірінші орынбасары Ерлан Баттақов ашты. «Біздің Елбасы Конституцияны «ұрпақ ауысса да ескірмейтін құндылықтар жинағы» деп атады» және еліміздің негізгі заңында мемлекет пен азаматтың табысты дамуына қолайлы барлық құқықтық құралдар бар» - деп атап өтті ол.

UEK_6816.jpg

Іс-шараның құрметті қонағы – профессор, заң ғылымдарының докторы, академик Игорь Рогов жиналғандарға еліміздің құқықтық дамуында бүгінгі күні пайда болған заң үстемдігінен құқық үстемдігіне өту туралы жаңа үрдістерді айтты. Сонымен қатар, Қазақстанда өткен президент өкілеттігінің бөлігін биліктің басқа да тармағына беру жөніндегі конституциялық реформаларға халықаралық қоғамдастықтың жоғары баға бергенін де тілге тиек етті. Игорь Рогов көпшілікті Конституция күнімен құттықтап, аман-саулық пен табыс тіледі.

UEK_6906.jpg

UEK_6947.jpg

UEK_6970.jpg

Салтанатты жиында Президенттің Телерадиокешені Конституцияның 23 жылдығына арнайы әзірлеген «Тұрақтылық формуласы және жасампаздық» тақырыбындағы фильмі алғаш рет көрсетілді. Бірқатар қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы Абай Бисембаевтың Алғысы табысталды.