Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ұйымдастыруымен жыл сайынғы спорт жарыстарының шеңберінде бильярдтан турнир өтті, деп хабарлайды ҚР ПІБ баспасөз қызметі.
Турнирге 11 команда қатысты.
Жарыстың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынды «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК алса, екінші орынға «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК тұрақтады, ал үшінші орынды «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ иеленді.
Сонымен қатар, турнирдің соңында жарыста жақсы және сапалы ойын көрсеткені үшін 2 ойыншыға номинация берілді, олар:
«Үздік ойыншы» - Медет Жұмағалиев пен «Әдемі ойын» - Талғат Қалиақпаров.
Жеңімпаздарға спорт кубоктары мен медальдар табысталды.