ҚР Президенті Іс басқармасының орталық аппараты мен ведомстволық қарасты ұйымдарының қызметкерлері Конституция күніне арналған шахмат турниріне қатысты.
Қатысушыларды гроссмейстер, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Дәрмен Сәдуақасов құттықтады. Ол шахматқа қызығушылық танытқандары үшін ойыншыларға алғыс білдіріп, сәттілік тіледі.
Жарысқа барлығы 12 команда қатысты. Ойын швейцариялық жүйемен, яғни командалар шығарылмай жүргізілді.
Турнирдің қорытындысы бойынша «Инженерлік-техникалық орталық» АҚ шахматшылары ең үздік атанды, екінші орынды «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету» ММ ойыншылары жеңіп алса, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының командасы қола жүлдені иеленді.