Басты бетҚР ПІБ-де Астананың 20 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті

ҚР ПІБ-де Астананың 20 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті

ҚР Президентінің Іс басқармасында Астананың 20 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

UEK_5246.jpg

Іс Басқарушының бірінші орынбасары Ерлан Баттақов барлық қатысушыларды Астана күнімен құттықтады және 20 жылда мүмкін еместей көрінген жұмыстар жасалғанын айтып өтті.

UEK_5400.jpg

«Іс Басқармасы – Қазақстанның жаңа астанасын құру жобасын іске асыруды бірінші болып бастаған орталық мемлекеттік органдардың бірі. Іс Басқармасы өзінің негізгі қызметі – мемлекеттік органдардың қызметтерін қамтамасыз етуді орындаумен қатар Парламент (Сенат пен Мәжіліс), Үкімет үйі, Министрліктер үйі, Ақорда резиденциясы, Қорғаныс министрлігі ғимараттарын салды.

Сонымен қатар, Бәйтерек монументін, Ұлттық архив пен Ұлттық кітапхананы, Бейбітшілік пен Келісім сарайын, Тұңғыш Президент Қоры ғимаратын да тұрғызды.

Нақты айтқанда, Іс Басқармасы сол жағалаудың сәулет ядросын құрды және соның айналасында үйлер, коммерциялық объектілер бой көтеріп, инфрақұрылым дамыды», - деді Е. Баттақов.

UEK_5437.jpg

Іс Басқармасының қызметкерлері ҚР Президентінің Телерадиокешені Астананың 20 жылдығына арнайы түсірген «Ұлы дала астанасы» атты фильмді тамашалады.

UEK_5390.jpg

UEK_5426.jpg

Астананың дамуына айрықша үлес қосқан қызметкерлерге мерейтойлық медальдар және ҚР Президенті Іс басқарушысының құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды.