Басты бетМинистрліктер үйінде өртке қарсы оқу-жаттығуы өтті

Министрліктер үйінде өртке қарсы оқу-жаттығуы өтті

2018 жылғы 15 тамызда сағат 11.29-да кезекшінің пультіне Министрліктер үйі корпустарының бірінде шартты түрде өрт шықты деген хабарлама түскен. Сценарий бойынша ТЖ 5-кіреберісте екінші қабатта орын алған.

Дабыл шұғыл қағылып, адамдарды тез эвакуациялау басталды, таза ауа беру жүйесі қосылып, лифтілер төменге түсірілді. Аулада эвакуацияланғандар туралы ақпаратты жинайтын штаб құрылды.

Толық эвакуациялау және өртті сөндіру сағат 11.48-де аяқталды.

Өртке қарсы оқу-жаттығуы дабыл жүйесін, хабарлау мен адамдарды эвакуациялау жүйелерін тексеруге, сонымен қатар ғимаратты эвакуациялау сызбаларымен және басқа да қосалқы ақпаратпен жарақтандыруға, ғимараттан шығатын апаттық шығу жолдарының дайындығын тексеруге мүмкіндік берді. Мамандар оқу-жаттығуын «өте жақсы» деп бағалады.