Астанада ҚР Президенті Іс басқармасының орталық аппараты мен ведомстволық қарасты ұйымдары командаларының арасында мини-футболдан турнир өтті.
Бұл іс-шара Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚР ПІБ баспасөз қызметі.
Турнирді Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының аппарат басшысы Азамат Әмірғалиев ашты.
«Бүгінгі футбол турнирін біз еліміздің астанасы – Астананың туған күніне арнаймыз. Бүгін жиналғандардың дерлік көбі – бүгінде астаналықтар. Әр жанның өз өтілі бар, бірақ, мен әрқайсысыңыздың осы қалада өз орындарыңызға орнығып, өздеріңізге маңызды да, пайдалы іс тапқандарыңызға сенімдімін.» - деді А. Әмірғалиев.
Турнирге жалпы 12 команда қатысты.
Финалдық матчта Елбасы – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының командасы қажырлы күреспен алға шығып, турнирдің кубогін жеңіп алды. Екінші орынға «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы» ММ, ал үшінші орынға «Материалдық техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ командалары ие болды.
Сонымен қатар, турнирдің қорытындысы бойынша жарыста жақсы және сапалы ойын көрсеткендері үшін 5 ойыншыға мынадай номинациялар табысталды:
«Үздік шабуылшы» - Дидар Сыдықбек
«Үздік қорғаушы» - Арман Нәзік
«Үздік қақпашы» - Әскербек Сәдуақасов
«Үздік ойыншы» - Рүстем Молдабаев
«Үздік гол» - Михаил Шубин
Жеңімпаздарға спорттық кубоктар мен медальдар табысталды.