Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының қызметкерлері Мемлекеттік қызметші күніне орайластырылған «Алға басу - движение вперед» атты қайырымдылық жүгіру шарасына қатысты, деп хабарлайды ҚР ПІБ баспасөз қызметі.
Марафонда жүгіруге бір уақытта 16 мың адам қатысты, олар: облыс орталықтарының, Астана мен Алматы қалаларының мемлекеттік қызметшілері. Ерлер 2,5 шақырымға, әйелдер 1,5 шақырымға жүгірді.
Шараны ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Милосердие» ерікті қоғамы ұйымдастырды.
Жүгіру шеңберінде жиналған қаражат «Балаларға өмір сыйла» қайырымдылық жобасын іске асыруға, ауыр дертке шалдыққан және аурулары Қазақстанда емделмейтін балаларға көмек көрсетуге жұмсалатын болады.