Басты бетҚР ПІБ Ядролық медицина орталығының құрылысын бастауға кіріседі

ҚР ПІБ Ядролық медицина орталығының құрылысын бастауға кіріседі

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін Циклотронды-өндірістік кешенімен ядролық медицина орталығын салу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік инвестициялық жобасына

бастамашылық жасау туралы

ХАБАРЛАМА


          «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                  44 бабы 2 тармағының 2) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Заң) әлеуетті жеке әріптестің «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» ШЖҚ-дағы РМК үшін Циклотронды-өндірістік кешенімен ядролық медицина орталығын салу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік инвестициялық жобасына бастамашылық жасалғаны туралы хабарлайды                       (бұдан әрі - Жоба).


 Жобаның негізгі техникалық-экономикалық параметрлері мен бюджеттен сұралатын төлемдер


         Жалпы аумағы 3500 м2 болатын циклотронды-өндірістік кешенімен ядролық медицина орталығын салу келесіні қамтиды:

- Циклотронды бункері, синтездеу зертханасы, буып-түю мен сапасын бақылау зертханасы бар өндірістік блогы;

- ПЭТ/КТ, ОФЭКТ/КТ аппараттары мен қажетті арнайы орындары бар диагностикалық блогы;

Жоба техникалық жағынан күрделі болып саналады.

Жеке әріптестің инвестициялық шығындарын өтеу нысан пайдалануға берілгеннен кейін 3 жыл бойы жүргізіледі.

Жоба шеңберіндегі мемлекет міндеттемесінің болжамды сұралатын құны 9 186 554,4 мың теңгені құрайды.

 

Балама ұсыныстар мен әлеуетті жеке әріптестерге қойылатын талаптар

 

Жобаға қатысу үшін әлеуетті жеке әріптестер Заңның 32-бабында көрсетілген біліктілік талаптарына сай келулері қажет.

Берілген балама ұсыныстары осы Хабарламада, және де Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2015 жылғы 25-қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекеше әріптестік жобаларын жоспарлау мен жүзеге асыру қағидаларының 130-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес болуы қажет.

  

Координаттары және Жоба шеңберінде ақпарат беру мерзімдері

 

010000, Қазақстан Республикасы

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 12-кіреберіс

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы» ММ

тел. +7 (7172) 74-17-47.

Бекбосынова Камиля Диханбайқызы

Эл.пошта: Bekbosynova_KD@udp-rk.kz

Ақпарат осы Хабарлама жарияланған күннен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.