Астана қаласында ҚР Президенті Іс басқармасының орталық аппарат пен ведомстволық ұйымдардың, сонымен қатар шақырылған командалардың арасында шахмат жарысы өтті. Бұл туралы ҚР ПІБ баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шара мемлекеттік мейрамы – Қазақстан Республикасының Конституция күніне және Халықаралық Астана «ЭКСПО-2017» көрмесіне тұспа-тұс келді.
Жарысқа 13 команда қатысты.
Жарыстың нәтижесі бойынша жалпы командалық есепте бірінші орынды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының командасы алды, екінші орынды «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік мекемесі, үшінші орынды «Сары-Арқа» корпоративтік қоры алды.
Жеңімпаздарға спорттық кубоктар, медальдар және бағалы сыйлықтар тапсырылды.