Халықаралық стандарттарға сәйкестік қазіргі әр мекеменің айырылмас бөліміне айналды. 2011 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ кәсіпорындарына 5 халықаралық және 1 ішкі стандарт енгізілді.
2011-2016 жылдар аралығында Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы өндірістік процесстерді арттыру мақсатында халықаралық, ұлттық және ведомстволық стандартарды енгізу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізді.
Кәсіпорындарда енгізілген стандарттардың ең алғашқыларының бірі - ISO 9001 (СМЖ) «Сапа менеджменті жүйесі» көрсетілетін қызметтер мен өндірістік процесстер сапасын басқарудың заманауи әдістерін игеруге жол берді.
Сонымен қатар, әкімшілік ғимараттарға қызмет көрсететін кәсіпорындарда ISO 50001 «Энергоменеджмент жүйесі» стандарты енгізілді. Бұл энерготиімділікті арттыруға мүмкіндік берді, ол энергияны пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес болып табылады. Үш жылда электр қуатын пайдалану 5,9 млн кВт-қа, суды пайдалану 6,3 мың куб.м-ге, жылуды пайдалану 341 Гкал-ға, дизель жанармайын пайдалану 16 мың литрге төмендеді, жалпы есептегенде 76,7 млн теңгені құрайды.
Қолда бар қорларды (қызметкерлер, қаржы, материалдар) тиімді пайдалану мақсатында МТҚБ объектілеріне қызмет көрсететін кәсіпорындарда Ғимараттар және құрылыстарға қызмет көрсету бойынша ведомстволық стандарт енгізілген. Енгізудің тиімділігі пайдалану жүйелерінің жұмысы және ғимараттарды жөндеу жұмысы құрамы мен тәртібін бекітетін, сонымен қатар жаңа қызметкерді жұмыс процесіне бейімдеу уақытын қысқартатын бірыңғай құжатты жасау болып табылады.
«МТҚБ Инженерлік орталығы» РМК-да ISO 20000 «Ақпараттық технологиялар. Сервистік менеджмент» стандартын енгізу ақпараттық-техникалық қолдаудың жеделдігін және қызмет көрсетілетін тұлғалардың өтінімдерін орындау сапасын арттыруға мүмкіндік берді.
«МТҚБ Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМК-да ISO 22000 «Ас өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйелері» стандартын енгізу шығарылатын өнімнің қауіпсіздігін арттыруға және күніне 500 адамға дейін қызмет көрсететін асханалардың жұмысын жетілдіруге мүмкіндік берді.
«МТҚБ Автошаруашылығы» РМК-да СТ РК 3.55-2004 «Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу бойынша қызметтері сертификаттау тәртібі» ұлттық стандартын енгізу автокөлікке техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу тәртібін жетілдіру мен модернизациялауға мүмкіндік берді.
2017 жылы OHSAS 18001:2007 — «Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйесі. Талаптары» стандартын енгізу жоспарлануда. Аталған стандартты бекітудің мақсаты қайғылы оқиғаларды, апаттарды және апаттық жағдайлардың туындауы тәуекелдерін қаупін неғұрлым төмендету, еңбек жағдайларының қауіпсіздігін сақтау шығындарын, өтемақыларды және жәрдемақыларды төлеуді, айыппұлдарды төлеуді қысқарту, еңбекті қорғау саласындағы қадағалаушы органдардың жазба бұйрықтарын орындауға кететін шығындарды азайту болып табылады.
Жоғарыда аталған шаралардың барлығы бюджеттік қаржының шығындарын елеулі қысқартуға және кәсіпорынның қорларын жемісті пайдалануға мүмкіндік береді.