Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында кадрлық өзгерістер өтті. Бұл туралы Ақорда сайтына сілтеме жасай отырып, ҚР Президенті Іс басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекет басшысының Өкімдерімен:
Ерлан Еркінұлы Баттақов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды;
Қанат Орынтайұлы Оразқұлов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметінен босатылды.