Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында кадрлық өзгерістер өтті. Бұл туралы Ақорда сайтына сілтеме жасай отырып, ҚР Президенті Іс басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекет басшысының Өкімдерімен:
Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Дабыр Қамысбайұлы Іңкәрбаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.
Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды;
Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды.