Кәсіпорынның құрылу уақыты:
Кәсіпорын «Қазакстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Автошаруашылығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 тамыздағы № 1289 қаулысына сәйкес кұрылды.
Қызмет көрсету саласы: көліктік қызмет көрсету
Көрсетілетін қызмет түрлері:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына автокөлік қызметін көрсету, ресми іс-шараларға, шетел делегацияларына, сондай-ақ басқа да жеке және заңды тұлғаларға көлік қызметін көрсету.
Кәсіпорынның сипаттамасы:
Бүгінгі күні Кәсіпорынның жоғары біліктілікті жүргізушілерімен Mercedes, BMW, Toyota, Nissan маркалы жайлы өкілдік, бизнес және эконом класстағы жеңіл автокөліктері, Volkswagen маркалы кезекші автокөліктері, сондай-ақ 11 ден 45 орынға дейінгі түрлі сыйымдылықты Toyota және Hyundai маркалы микроавтобустары мен автобустары бар. Өтінімдерді тәулік бойы қабылдайтын диспетчерлік қызмет жұмыс істейді.
Сапалы және жедел көліктік қызмет көрсету ең жоғары деңгейде жоғары білікті жүргізушілердің көмегімен жүзеге асырылады. Автокөліктердің техникалық жағдайы ең күрделі және ұзақ тапсырыстарда жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорын туралы:
ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 27 тамыздағы № 1289 Қаулысымен ҚР ПІБ Автошаруашылығы негізгі міндеті Қазақстан Республикасының жоғары және орталық мемлекеттік органдарына автокөлікпен қызмет көрсету болып табылатын кәсіпорын болып анықталды.
Кәсіпорында сапалы және қауіпсіз автокөліктік қызмет көрсету үшін барлық қажетті инфрақұрылым бар. Объектінің инженерлік-техникалық нығайтылуы қамтамасыз етілген, ҚР Ішкі істер министрлігінің полиция полкімен тәулік бойы күзет жүзеге асырылады. Кәсіпорын аумағына кіру және шығу кезінде көлік құралдарын тексеру жүргізіледі. Жүргізуші құрамын күнделікті медициналық тексеру жүзеге асырылады. Жыл сайын жүргізушілер үшін жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік актілердің талаптарын ескере отырып, ҚР Жол жүрісі қағидалары бойынша міндетті техникалық минимум жүргізіледі.
Төтенше жағдай және карантин режимі жағдайында Кәсіпорын барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, көлік қызметтерін үздіксіз және сапалы көрсетуді қамтамасыз етті.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік органдардың көлік қызметтерін сатып алуы ашық конкурс тәсілімен жүзеге асырылады.
«ҚР ПІБ Автошаруашылығы» РМК нарықтың басқа қатысушыларымен қатар конкурстық рәсімдерге қатысады. Кәсіпорынның тарифтері көлік қызметтері нарығында бәсекеге қабілетті болып табылады.
Қызмет саласы:
Қызмет саласы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына автокөлікпен қызмет көрсету, ресми іс-шараларға, шетелдік делегацияларға, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғаларға көлік қызметін көрсету.
Стратегиялық мақсаттар:
- қойылған міндеттерді мезгілінде және сапалы деңгейде орындауды қамтамасыз ету үшін жоғары білікті мамандар командасын қалыптастыру;
- көрсетілетін қызметтердің сапасын үздіксіз жақсарту, құрылтайшының, қызметкерлердің және тапсырыс берушілердің мүдделерін ескере отырып, заңнамалық талаптарды сақтау арқылы тиімді даму;
- шарттық міндеттемелерді сапалы орындау, қызмет көрсету кезінде заңнамалық және нормативтік талаптарды сақтау арқылы автокөлік қызметтерін сенімді жеткізуші мәртебесін нығайту.
СТ РК ISO 9001-2016 Сапа менеджменті жүйесі
ISO 9001-2016 стандартының талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесінің сертификатын алу және қамтамасыз ету мақсатында келесі жұмыстар атқарылды:
- бағыттар бойынша кәсіпорын қызметін реттейтін ішкі нормативтік құжаттама әзірленіп, бекітілді;
- кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын ИСО 9001-2016 стандарты бойынша оқыту жүргізілді, семинар тақырыбы "Ішкі аудит", Оқыту нәтижелері бойынша " ISO 9001-2016 сапа менеджменті жүйесі. Ішкі аудит";
- ішкі аудит жүргізілді;
- 2018 жылғы 17-19 шілде аралығында "Аналитик АФ" ЖШС сертификаттау жөніндегі органымен ҚР СТ ISO 9001-2016 стандартының талаптарына сәйкестігіне сертификаттық аудит жүргізілді.
Сертификаттық аудиттің оң қорытындысының нәтижесі бойынша 2018 жылғы 25 шілдеде ҚР СТ ISO 9001-2016 стандартының нұсқасы бойынша сапа менеджменті жүйесінің сертификаты алынды.
МАҚСАТТАРЫМЫЗ
Кәсіпорынның миссиясы мемлекет қорғайтын тұлғаларға, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, ресми іс-шараларға, шетелдік делегацияларға, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғаларға жоғары сапалы және қауіпсіз Көліктік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.