Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы ведомстволық қарасты ұйымдарының қызметкерлері арасында өткізілген «Жылдың үздік заңгері» байқауының қорытындысы шығарылды деп хабарлайды ҚР Президенті Іс басқармасының баспасөз қызметі.
Байқаудың қорытындысы бойынша «Жылдың үздік заңгері» ретінде «Астана-Өнім» АҚ құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы Марат Рысқұлбеков танылды. Жеңімпазды ҚР Президенті Іс басқарушының орынбасары Мәлік Мырзалин марапаттады.
М.Мырзалин «Сіздің жұмыстарыңыз өте маңызды. Заңдылық, мемлекеттің құқықтарын және мүдделерін қорғау, заңдарды уақтылы түсіндіру, толық құқықтық қамтамасыз ету біздің барлық ұйымдардың қалыпты және жемісті жұмысының кепілі болып табылады. Сіздердің қызметтеріңіз мелекеттік сатып алуды өткізуде ерекше роль атқарады», - деп баса айтты.
Байқауға барлығы 17 маман қатысты. Өз саласындағы үздік маманды таңдаудың негізгі талаптары: сапалы жұмыс, қызметтік міндеттерді мінсіз орындау, тәртіптік жазалардың болмауы және Іс Басқармасының жүйесінде тиісті еңбек өтілі.