Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Орталық аппараты мен ведомстволық қарасты ұйымдарының командалары арасында волейболдан турнир өтті, деп хабарлайды ҚР ПІБ баспасөз қызметі.
Турнирге 14 команда қатысты.
Жалпыкомандалық есеп бойынша «Сары-Арқа» корпоративтік қорының командасы бірінші орынға, «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК командасы екінші орынға, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының командасы үшінші орынға иеленді.
Сонымен қатар, турнирдің қорытындысы бойынша жақсы ойын көрсеткені және сайыста танытқан ерекше қасиеттері үшін үш ойыншы «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік доп көтеруші» номинациялары бойынша марапатталды.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған спартакиадасы аясында өткенін атап өтеміз.