Басты бет «Отан үшін отқа түскендер» атты Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені өндірген д...

«Отан үшін отқа түскендер» атты Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені өндірген деректі фильмі «Победили вместе» ХІІ Халықаралық кинофестивалінің арнайы дипломымен марапатталған

Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені өндірген «Отан үшін отқа түскендер» деректі фильм, Севастополь қаласында өткен кинофестивальға ұсынылған 150 жұмыстың ішінен ХІІ Халықаралық кинофестивалінің арнайы дипломына ие болды деп хабарлайды Президент Іс басқармасының баспасөз қызметі. 

ТРК.jpg

«Отан үшін отқа түскендер» картинасы екі бөлімнен тұрады. Фильмнің бірінші бөлімі «Харьков қазаны» деп аталатын шайқаста, Ржев түбіндегі шайқаста қаза болған қазақстандық жауынгерлер, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының Батырлары Бауыржан Момышұлы мен Қасым Қайсенов туралы баяндайды.
Екінші бөлімі Сталинград шайқасының батырлары, тарихи әділеттілікті қалпына келтіру туралы, сонымен қатар Талғат Бегельдинов, Сағадат Нұрамағмбетов, Рахымжан Қошқарбаев және Ұлы Отан соғысының майданында қаза тапқан мыңдаған қатардағы жауынгерлердің ерлігін мойындалуы туралы баяндайды. 

Жоба жетекшісі Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешеннің бас директоры – Бекхожин Ерлан, сценарий авторы және режиссрі – Әбутұрапова Назгүл. 

2005 жылы ашылған «Победили вместе» Деректі фильмдер фестивалі Севастополь қаласында жыл сайын өткізіледі. Осы шығармашылық форумның бастамашылары Қырымда тұрып жатқан Кеңес Үкіметінің Батырлары болып табылады. Кинофестиваль – бұл Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлердің ерлігіне тағзым ету. 

Биылғы фестивальдің шығармашылық байқауына әлемнің 24 мемлекетінен, соның ішінде АҚШ-нан, Кубадан, Канададан, Қытайдан, Қазақстаннан, Ресейден және ТМД-ның басқа елдерінен жобалар жіберілген болатын.