Турнирді Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының аппарат басшысы Мұрат Әйтенов ашты.
«Осы жылы спорттық іс-шаралардың ерекше маңызы бар, өйткені әр турнир Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады. Әрқайсысымыз үшін бұл басты ұлттық мереке маңызды болып табылады және өмірде ерекше орын алады. Өйткені жас Қазақстанның құрылу және қалыптасу кезеңінің біздің әрқайсымызға, әрбір қазақстандық отбасына қатысы болды», - деді М.Әйтенов.
Бұл ретте ол кәсіби және бұқаралық спортты дамыту және ұлттың саламатты өмір салтын қалыптастыру үшін біздің мемлекетімізде барлық жағдайлар жасалғанын айтты.
Финалдық матчта Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры табан тірескен күресте алға шығып, турнир кубогын ұтып алды. Екінші орынды ҚР ПІБ «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК, үшінші орынды ҚР ПІБ Орталық аппараты мен «ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасы» ММ құрама командасы иеленді.
Жеңімпаздарға спорттық кубоктар, медальдар және бағалы сыйлықтар табыс етілді».