Басты бетҚазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің фильмі «Еуразия» кинофестивалінің арнайы жүл...

Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің фильмі «Еуразия» кинофестивалінің арнайы жүлдесіне ие болды

Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің «Назарбаевпен басты мәселе туралы» атты деректі фильмі ХІІ Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің «Тарих және тұлға» номинациясы бойынша арнайы жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының баспасөз қызметі.

Кинофестивальдің ұйымдастырушылық комитетінің төрағасы Асқар Бекбаев атап өткендей, фильм танымал журналист Ерлан Бекхожин жүргізген эксклюзивті сұхабттың негізінде жасалған.

Бұл фильмде Қазақстанның Президенті уақыт және өзі туралы ашық сөйлеседі, өткенін адал есіне алып, қазіргі уақыт туралы шын көңілмен және Қазақстанның болашағы туралы үлкен шабытпен әңгімелеседі. Басында қарапайым болып көрінетін сұрақтардың көмегімен көрермен көптеген көкейкесті сұрақтарға түсінуге оңай әрі толыққанды жауаптырды алады.

Естеріңізге сала кетсек, ХІІ Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі 2016 жылғы 24 және 30 қыркүйек аралығында өткен. Қазылар алқасының қарауына 127 жұмыс ұсынылған болатын. Бес құрлықтан келген, соның ішінде Испаниядан, Грузиядан, Голландиядан, Швейцариядан, Ресейден, Солтүстік Кореядан, Қырғызстаннан, Чехиядан, Германиядан, БАӘ-нен және басқа да елдерден келген шығармашылық ұжымдар осы беделді кинофестивальге толық және қысқа метражды фильмдерді, сондай-ақ балаларға арналған және деректі фильмдерді әкелген.

«Назарбаевпен басты мәселе туралы» деректі фильмінің толық нұсқасын https://youtu.be/fYkEJ6ImeWI сілтемесі бойынша табуға болады.