Басты бетҚазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық қарасты мемлекеттік мекемелерін...

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық қарасты мемлекеттік мекемелерінде қызмет атқаратын азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.       Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық қарасты мемлекеттік мекемелерінде қызмет атқаратын азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттары бекітілсін.

2.       Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының аппарат басшысына жүктелсін.

4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы                                                             А. Бисембаев