2016 жылдың 5 ақпанында ҚР Президентінің Іс басқарушысы, «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалының төрағасы Абай Бисембаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалының XIII кезектен тыс конференциясы өтті.
Конференцияға «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Е.Қ. Мамытбеков, Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары А.А. Башмаков, «Бірлік» филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және партияның белсенді мүшелері қатысты.
Конференция барысында «Нұр Отан» партиясының 2016 жылғы 29 қаңтардағы XVII съезінде қабылданған «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасында қойылған міндеттер талқыланды.
«Қаржыгер» бастауыш партия ұйымының төрайымы Н.А. Коржова өз баяндамасында партияның сайлауалды бағдарламасы аса маңызды құжат екенін баса айтып, «бағдарламада қойылған мақсаттарға жету -барлық қазақстандықтардың бірлесе атқаратын қызметі» деп атап өтті.
Сонымен қатар, «Білім ордасы» бастауыш партия ұйымының төрағасы Б.С. Әбдірасылов сөз сөйледі.
«Бірлік» филиалының төрағасы А.А. Бисембаев Елбасымыздың XVII съезде айтқан және «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Жолдауында белгілеген жоспарларды іске асыруда «Жеті мың бірлікшілерге» аса зор белсенділік көрсету қажет екенін атап өтті.
Конференция соңында 35 партия мүшесі «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының XXII кезектен тыс конференциясына делегат болып сайланды.