Басты бетҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫНДА ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫНДА ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңын іске асыру және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау жөнінде жиналыс өтті деп хабарлайды ҚР Президенті Іс басқармасының баспасөз қызметі.

Жиналыс ҚР Президенті Іс басқармасының Аппарат басшысы Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өтті. 

Іс-шараны ашу кезінде М. Әйтенов жаңа заңның мемлекеттік қызметтің мансаптық үлгісіне көшуді көздейтінін және мемлекеттік қызмет жүйесін кәсібилендіруге бағытталғанын айрықша атап кетті.
ҚР ПІБ Аппарат басшысы М.Әйтенов «Мемлекеттік қызметшінің мәртебесі әр қызметшінің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Мемлекеттік қызметшілердің жаңа Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді. Оның қолданысқа енуі мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады» - деп баса айтты.

KZK_4740.JPG

Сонымен бірге, ол ҚР Президенті Іс басқармасының әдеп жөніндегі уәкілі Мұрат Баярстановты таныстырып кетті.

Баярстанов Мурат Киззатович 2016,2 (3х4).jpg

М. Баярстанов – «Бухгалтер-экономист» мамандығы бойынша Сәкен Сейфуллин атындағы Ақмола Аграрлық университетінің, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы магистратурасының, «Құқықтану» мамандығы бойынша Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетінің түлегі.

Еңбек жолын М. Баярстанов 1995 жылы Ақмола облыстық Аудиторлар және бухгалтерлер палатасынан бастады. 2003-2006 жылдар аралығында Астана қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің талдау және ақпарат секторының бас маманы, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2008 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының заң басқармасы маманының міндетін атқарушы, 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды.