2026 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысының бұйрығымен Жамсатов Әлихан Қайыргелдіұлы «Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.
Әлихан Жамсатов 1983 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистратурасын және Қаржы академиясын тәмамдаған. Әлеуметтік ғылымдар магистрі.
Еңбек жолын 2004 жылы «Энергия орталығы» АҚ-да заң кеңесшісі болып бастаған. Кейін Ақсу ауданы әкімінің аппаратында, Қаржы департаментінде және Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінде қызмет атқарған.
2008–2012 жылдары ҚР Парламентінің Шаруашылық басқармасында жұмыс істеген. Бас сарапшыдан Өндірістік инфрақұрылым басқармасының бастығына дейінгі қызметтік жолдан өткен.
2012–2015 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде бөлім меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі және департамент басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2015–2019 жылдары Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы басшысының орынбасары болған.
2019–2022 жылдары ҚР Президентінің Іс басқармасының Ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.
2022–2024 жылдары Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасын басқарған.
2024–2026 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінде бөлім меңгерушісінің орынбасары, кейін бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.