Басты бет › Jibek Joly арнасында Silk Way Star халықаралық байқауының екінші маусымы көрсетіледі

Jibek Joly арнасында Silk Way Star халықаралық байқауының екінші маусымы көрсетіледі

Jibek Joly арнасында Silk Way Star халықаралық байқауының екінші маусымы көрсетіледі

21 қарашада Jibek Joly телеарнасы Silk Way Star халықаралық вокалдық байқауының екінші маусымын көрермен назарына ұсынады. Биылғы додаға 12 елдің өнерпазы қатысып, көрермендер 10 кезеңді тамашалай алады.

Байқаудың түсірілімі Қытайдың Иу қаласында ұйымдастырылды. Жүлделі орындар үшін Қытай, Қырғызстан, Ресей, Вьетнам, Малайзия, Түркия, Сербия, Оңтүстік Африка Республикасы, Жаңа Зеландия, Бразилия және Грузиядан келген әншілер бақ сынайды. Қазақстанның намысын «Славян базары» байқауының Гран-при иегері Рухия Байдүкенова қорғайды.

Қатысушылардың өнерін кәсіби қазылар алқасы 12 балдық жүйемен бағалайды. Әр кезеңнің үздігі «Кезең жұлдызы» атанса, байқаудың бас жүлдесі барлық кезеңде ең көп ұпай жинаған қатысушыға беріледі.

Silk Way Star – Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені мен China Media Group бірлесіп жүзеге асырып отырған жоба. Астанада өткен алғашқы маусымның көрсетілімдері Jibek Joly, Silk Way және CCTV-15 телеарналарында жалпы саны 1 миллиардтан астам қаралым жинады.

Байқаудың үшінші маусымы 2027 жылы Қазақстанда өтеді.