«Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының IOSA (IATA Operational Safety Audit) пайдалану қауіпсіздігі аудитінен сәтті өтіп, ұшу қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарына сәйкестігін растады, деп хабарлайды ҚР Президенті Іс басқармасының баспасөз қызметі.
IOSA халықаралық аудитінен өту авиакомпания әуе кемелерінің жолаушылар мен жүк тасымалдауы жоғары сенімділік пен қауіпсіздік деңгейде екендігінің дәлелі болып табылады.
Аудиттің оң қорытындысы ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін нығайтып қана қоймай, жалпы алғанда, компания қызметінің тиімділігін арттырды. IOSA стандарттарына сәйкестігін растау мақсатында келесі аудит 2017 жылы жүргізілетін болады.
IOSA сертификатына ие болу қауіпсіз тасымалдаушының халықаралық мәртебесін айқындайды, жетекші авиакомпаниялармен халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді, жаңа
нарыққа шығу жолдарын жеңілдетеді.
«Бүркіт» авиакомпаниясы IOSA-дан басқа, Part-145 сертификатының иегері екенін де айта кету қажет, бұл компанияның әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету EASA еуропалық
стандарттары бойынша орындалатынын білдіреді.