Басты бет › ҚР Президенті Іс басқармасының жүйесінде волейболдан жарыс өтті

ҚР Президенті Іс басқармасының жүйесінде волейболдан жарыс өтті

ҚР Президенті Іс басқармасының жүйесінде волейболдан жарыс өтті ҚР Президенті Іс басқармасының жүйесінде волейболдан жарыс өтті ҚР Президенті Іс басқармасының жүйесінде волейболдан жарыс өтті ҚР Президенті Іс басқармасының жүйесінде волейболдан жарыс өтті ҚР Президенті Іс басқармасының жүйесінде волейболдан жарыс өтті ҚР Президенті Іс басқармасының жүйесінде волейболдан жарыс өтті ҚР Президенті Іс басқармасының жүйесінде волейболдан жарыс өтті ҚР Президенті Іс басқармасының жүйесінде волейболдан жарыс өтті ҚР Президенті Іс басқармасының жүйесінде волейболдан жарыс өтті

2026 жылғы 14 қарашада «Абырой» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы жүйесі қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті.

Жарысқа ведомстволар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың командалары қатысты. Турнир тартысты бәсеке мен командалық бірлік жағдайында өтті. Қатысушылар спорттық дайындығының жоғары деңгейін, жеңіске деген жігерін және командалық жұмыс дағдыларын көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

I орын – «ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы» ШЖҚ РМК;
II орын – «Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаменті»;
III орын – ҚР ПІБ «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» ШЖҚ РМК.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар жекелеген номинациялар бойынша үздік ойыншыларға грамоталар табысталды:

«Үздік шабуылшы» – Мирас Туляков, ҚР ПІБ Медициналық орталығы;
«Үздік байланыстырушы» – Абай Түрлубеков, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
«Ерлер арасындағы үздік ойыншы» – Қуат Шайсұлтанов, Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаменті;
«Әйелдер арасындағы үздік ойыншы» – Ләззат Құзаирова, ҚР ПІБ Медициналық орталығы.

Волейбол турнирі 2026 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының жүйесінде ұйымдастырылған сегіз спорттық-сауықтыру іс-шарасының бірі болды. Жыл басынан бері қызметкерлер шаңғы жарысына, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, шахмат, шағын футбол, жүзу, қазақ күресі және волейбол жарыстарына қатысты.

Спорттық-сауықтыру іс-шараларын өткізу салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға, командалық рухты нығайтуға және денсаулық пен дене белсенділігі құндылықтарына негізделген корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.