Басты бет › «Халықтық құрылыс»: Президенттік телерадиокешен бағдарлама туралы AI-бейнероликтер топтамасын ұсы...

«Халықтық құрылыс»: Президенттік телерадиокешен бағдарлама туралы AI-бейнероликтер топтамасын ұсынады

«Халықтық құрылыс»: Президенттік телерадиокешен бағдарлама туралы AI-бейнероликтер топтамасын ұсынады

Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып әзірленген және «Халықтық құрылыс» жалпыұлттық бағдарламасына арналған қысқаметражды бейнероликтер топтамасынан тұратын жаңа медиажобаны ұсынады.

Бейнероликтер ел инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстары туралы баяндайды. Атап айтқанда, мектептер, ауруханалар, балабақшалар, мәдениет және спорт нысандарын салу, жолдар мен инженерлік желілерді жаңғырту, өндіріс орындарын дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру мәселелері қамтылады.

Бағдарламаны Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық етті. Ол өңірлерді кешенді дамытуға, өзекті инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Мемлекет басшысы бағдарламаның негізгі қағидатын «Салу керек, тағы да салу керек» деген сөзбен айқындады.

Президенттік телерадиокешен заманауи AI-технологиялардың көмегімен құрылыс бастамаларын көрнекі әрі көпшілікке түсінікті форматта таныстырып, олардың ауқымы мен өңірлерді дамытудағы маңызын көрсетуді көздейді.

Бейнероликтер Телерадиокешеннің ресми ақпараттық алаңдарында, соның ішінде Instagram және TikTok әлеуметтік желілерінде жарияланады.