Басты бет › Оралда ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтуде

Оралда ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтуде

Оралда ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтуде Оралда ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтуде Оралда ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтуде Оралда ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтуде Оралда ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтуде Оралда ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтуде

Бүгін Орал қаласында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері басталды. Екі күн бойы Медициналық орталық ауруханасы мен Ұлттық госпиталь мамандары Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына медициналық көмек көрсетіп, жергілікті әріптестерімен тәжірибе алмасады.

Қаладағы медициналық ұйымдарда қан тамырлары хирургиясы, нейрохирургия және гинекология салалары бойынша оталар жасалады. Барлығын елордалық дәрігерлер жергілікті мамандармен бірлесіп жүргізеді.

Негізгі бағыттардың бірі – нейрохирургияда эндоваскулярлық технологияларды қолдану. Медициналық орталық ауруханасының нейрохирургі Талғат Ермеков ішкі ұйқы артериясына стент орнатады. Бұл әдіс ашық хирургиялық араласусыз арнайы стенттің көмегімен тарылған қан тамырындағы қан ағымын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ қан тамырлары хирургі Абылай Сейтқалиев қан ағымын қалпына келтіру үшін ірі қан тамырларына реконструктивтік оталар жасайды. Гинекология саласында заманауи аз инвазивті әдістер қолданылады.

Өңір тұрғындары түрлі бейіндегі дәрігерлерден консультация ала алады. Ұлттық госпиталь мамандары ревматология, эндокринология және нефрология бағыттары бойынша пациенттерді қабылдайды. Аурухана дәрігерлері эпилепсия, нейрохирургиялық, гинекологиялық және қан тамырлары аурулары бойынша консультация береді. Облыстық кардиологиялық орталықта аритмолог пен кардиохирург пациенттерді қабылдайды.

Практикалық жұмыспен қатар, өңір мамандарына арналған оқыту іс-шаралары ұйымдастырылады. Дәрігерлер эпилепсияны, оның ішінде инсульттен кейінгі эпилепсияны диагностикалау және өкпенің интерстициалды ауруларын емдеудің заманауи тәсілдері бойынша презентациялар өткізеді.

Оқыту іс-шараларының жеке бір бөлігі денсаулық сақтау саласын ұйымдастыруға арналған. Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы «Денсаулық сақтау саласының топ-менеджерлер мектебі» атты онлайн шеберлік сабағын өткізеді. Онда вакцинамен профилактикалау және медициналық ұйымдардың жұмысында маркетинг құралдарын қолдану жайы қарастырылады.

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы медициналық зертханалардың біліктілігін тексеру, биологиялық қауіпсіздік пен қорғау негіздері бойынша екі онлайн-презентация ұйымдастырады.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері еліміздің 14 өңірінде өтті. Осы уақыт ішінде орталық мамандары жергілікті дәрігерлермен бірлесіп 134 ота жасап, пациенттерге 734 консультация берді. Сонымен қатар өңірлердегі медицина қызметкерлеріне арналған 216 оқыту презентациясы ұйымдастырылып, оларға 6000-ға жуық маман қатысты.