Шипажайға бару – денсаулықты нығайтып, күш-қуатты қалпына келтіруге және күнделікті күйбең тіршіліктен демалуға жақсы мүмкіндік. Дегенмен мұндай сапарды жоспарламас бұрын көпшілік оның құнына мән береді. Қалай жақсы шипажай таңдап, толыққанды ем қабылдап, артық шығынға жол бермеуге болады? Демалысты қолжетімді етудің жолдары бар. Ол үшін сапар маусымын дұрыс таңдап, жолдаманы алдын ала брондап, оның шарттарын мұқият зерделеу қажет.
Қаражатты үнемдеудің бір жолы – демалушылар аз келетін уақытта бару. Күз және қыс айларында шипажайда емделудің негізгі мүмкіндіктерінен бас тартпай-ақ, тиімді ұсыныстарды пайдалануға болады.
Сондай-ақ жолдама бағасына қандай қызметтер кіретінін алдын ала біліп алған жөн. Кейде бастапқыда тартымды көрінген баға кейін қосымша шығындарға ұласуы мүмкін. Мәселен, тамақтану, бассейнге бару, кейбір емдік процедуралар мен басқа да қызметтер үшін бөлек ақы төлеуге тура келеді. Сондықтан шипажайларды салыстырғанда тек тұру бағасына емес, демалыстың жалпы құнына назар аударған жөн.
Мысалы, Ессентукидегі төрт жұлдызды «Қазақстан» шипажайында «Жалпы терапиялық» бағдарламасы бойынша бірінші санаттағы екі орындық бөлмеде 14 күн демалу және емделу жолдамасының құны бір адамға 672 мың теңгені құрайды. Бұл сомаға тұру, «тапсырыс мәзірі» жүйесі бойынша күніне үш мезгіл диеталық тамақтану, шипажайлық-курорттық ем, бассейн мен жаттығу залына бару, сондай-ақ демалыс және ойын-сауық бағдарламасы кіреді. Осылайша демалыс пен сауықтыруға жұмсалатын негізгі шығындарды алдын ала есептеуге болады.
Шығынды азайтудың тағы бір мүмкіндігі – «Бізбен бірге жылырақ – 15%» акциясы. Ол 2026 жылғы 7 қарашадан 25 желтоқсанға дейін және 2027 жылғы 11 қаңтардан 20 наурызға дейін келетін демалушылар үшін барлық санаттағы бөлмелер мен тарифтік жоспарларға қолданылады. Шипажайдың есебі бойынша, 2026 жылы екі адам үшін үнемделетін қаражат шамамен 202 мың теңгені құрайды. Бұл соманы, мысалы, жол шығынына немесе сапар кезіндегі қосымша қажеттіліктерге жұмсауға болады. Сонымен қатар акцияға қатысқан қонақтар «Тұрақты қонақ» бағдарламасы бойынша жеңілдіктер мен артықшылықтарды жинақтау мүмкіндігін сақтайды.
Дегенмен шипажай таңдағанда тек бағасына ғана назар аудармаған жөн. Мұнда емделетін ауру түрлерін және ұсынылатын емдеу бағдарламасының дәрігер кеңесіне қаншалықты сәйкес келетінін де ескеру маңызды.
«Қазақстан» шипажайы «Ессентуки № 4» және «Ессентуки № 17» минералды су көздерімен танымал Ессентуки курорттық қаласында орналасқан. Шипажайдың негізгі медициналық бағыты – асқазан-ішек жолдары ауруларын емдеу. Сонымен қатар мұнда жүрек-қан тамырлары және жүйке жүйесі, тірек-қимыл аппараты, тыныс алу және несеп-жыныс жүйесі аурулары бар қонақтар қабылданады.
Емдеу медициналық тексеруден және дәрігердің консультациясынан басталады. Маман пациенттің денсаулық жағдайын бағалап, диагностикалық зерттеу нәтижелерін зерделейді және жеке емдеу курсын тағайындайды. Қолданылатын әдістердің қатарында «Мадин» аппаратындағы магнитотерапия, O2 one-H 810 оттегі камерасы, «Авантрон» аппараты, карбокситерапия және Старвак пневмомассажы бар. Сондай-ақ 2026 жылы шипажайда остеоартрозды емдеудің бальнеологиялық және балшықпен емдеу процедураларын соққы-толқынды терапиямен біріктіретін кешенді әдісі енгізілді.
Қонақтардың жайлы демалуы үшін бөлмелер жаңартылған. Оларда кондиционер, теледидар, тоңазытқыш, сейф, шәйнек, халаттар мен тәпішкелер бар. Тамақтануға да ерекше көңіл бөлінген. Әдеттегі швед үстелінің орнына «тапсырыс мәзірі» жүйесі қолданылады. Қонақтар тағамдарды алдын ала таңдайды, ал аспаздар оларды әрқайсысының тапсырысына сай дайындайды. Демалыс үшін киіз үй пішініндегі жабық бассейн, сауналар, жаттығу залы, киноконцерт залы және балалар клубы қарастырылған.
Жолдама сатып алмас бұрын емдеуші дәрігермен кеңесіп, денсаулық жағдайына сәйкес келетін шипажайдың медициналық бағытын анықтап, ұсыныстарды емдік процедуралар, тамақтану және қосымша қызметтерді ескере отырып салыстырған жөн. Егер сапар күндері аса маңызды болмаса, күзгі-қысқы кезеңді қарастырып, таңдалған мерзімде қандай жеңілдіктер қолданылатынын нақтылаған дұрыс. Мұндай тәсіл артық шығыннан сақтанып, бюджетті алдын ала жоспарлауға көмектеседі.
Шипажайда демалу үшін көп қаражат жұмсау міндетті емес. Ең бастысы – денсаулық жағдайына сай ем ұсынатын, жайлы әрі қызмет бағасы қолжетімді шипажайды таңдау. Ал демалушылар аз баратын маусымда жолдама алу арқылы отбасылық бюджетті үнемдеуге болады.
«Қазақстан» шипажайындағы өзекті бағалар, бос орындар және «Бізбен бірге жылырақ – 15%» акциясының толық шарттары туралы ақпаратты http://kazakhstan-kmv.ru/ ресми сайтынан немесе 8 (800) 707-78-47 тегін телефон нөмірі арқылы білуге болады.