Басты бет › ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының жас нейрохирургтері ми ісіктерін емдеудің озық әдістері...

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының жас нейрохирургтері ми ісіктерін емдеудің озық әдістерін дамытуда

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының жас нейрохирургтері ми ісіктерін емдеудің озық әдістерін дамытуда ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының жас нейрохирургтері ми ісіктерін емдеудің озық әдістерін дамытуда ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының жас нейрохирургтері ми ісіктерін емдеудің озық әдістерін дамытуда ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының жас нейрохирургтері ми ісіктерін емдеудің озық әдістерін дамытуда

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасында ми ауруларын емдеудің жоғары технологиялық әдістері клиникалық тәжірибеге енгізіліп, дамытылып келеді. Осы бағытта еңбек етіп жүрген жас мамандардың бірі – нейрохирург Исламбек Мұсабеков. Ол ми ісігі бар науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің мүмкіндіктерін кеңейтуге орасан үлес қосуда.

Жас дәрігер меңгерген әдістердің бірі – эмболизация. Бұл – ісікті қанмен қамтамасыз ететін тамырлардағы қан ағымын арнайы материалдардың көмегімен тоқтату тәсілі. Ол үшін пациенттің сан тұсынан кішкентай тілік жасалып, жіңішке катетер енгізіледі. Катетер қан тамырлары бойымен ісікті қоректендіретін тамырларға дейін жеткізіліп, олардың саңылауы арнайы медициналық материалмен бітеледі.

Эмболизация ісіктің қанмен қамтылуын азайтып, кейін оны хирургиялық жолмен алып тастау кезінде болатын қан жоғалту көлемін төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл емдеу кезеңінде бас сүйегін ашып ота жасау қажет емес. Кейін науқастың жағдайы тұрақты болып, асқынулар байқалмаса, ол төрт-бес тәулікте ауруханадан шығарылады.

Аталған медициналық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында көрсетіледі.

Исламбек Мұсабеков клиникалық тәжірибемен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де айналысады. 2026 жылы халықаралық ғылыми журналдардың бірінші квартиліне (Q1) жататын басылымдарда төрт ғылыми мақала жарық көрді. Соның үшеуі ми қабықтарынан дамитын ісік түрі – менингиомаларды зерттеуге арналған.

Жас нейрохирург шетелдік әріптестерімен кәсіби байланыс орнатып, тәжірибе алмасып, нейрохирургиядағы емдеу тәсілдерінің жаңа мүмкіндіктерін зерделеп келеді. Дәрігердің айтуынша, жасалған ем-шаралардан кейін науқастардың басым бөлігі күнделікті тіршілігі мен еңбек қызметіне оралып, өмір сапасын сақтай алады.

МОА-да нейрохирургияның озық бағыттарын дамыту – ғылыми жетістіктерді клиникалық тәжірибеге енгізіп, ми ісігі бар науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің ауқымы мен сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі.