Басты бетҚР ПІБ «Қараөткел» РМК аспаздары Халықаралық дәстүрлі тәттілер фестивалінде жеңіске жетті

ҚР ПІБ «Қараөткел» РМК аспаздары Халықаралық дәстүрлі тәттілер фестивалінде жеңіске жетті

Қазақстан Әзербайжанда өткен тәттілер конкурсында бірінші орынға ие болды. Халықаралық конкурсқа отандық аспаздар командасы құрамында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қараөткел» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлері Раушан Сейітова, Әділет Лұқпанов және Гүлбану Аяпова қатысты, деп хабарлайды ҚР ПІБ баспасөз қызметі.

5Y4A0945.jpg

Фестиваль екінші рет өткізіліп отыр, бірақ қазақстандық команда алғашқы рет қатыса отырып, бірден бірінші орынға ие болды, фестивальдың алтын алқасын, сондай-ақ Әзербайжанның Ұлттық аспаздық орталығының кубогын жеңіп алды. Қазақстаннан басқа Румыния, Ресей және Сербия командалары да марапатқа ие болды.

5Y4A1072.JPG

Қазақстандық дастархан ең ерекше және денсаулыққа пайдалы болып танылды, оған жылқының майынан, бал мен тары талқанынан жасалған жент, өйткені жылқы майының құрамында транс-май қышқылдары болмайды, ал тары талқанында глютен болмайды; сиыр сүті мен балдан жасалған ірімшік; С және D дәрумендеріне бай түйенің сүтінен дайындалған жұмсақ рахат-лукум кәмпиттері, түйе мен сиыр ірімшігінен жасалған қоспа, ірімшік, жент және қоспа салынған үлпілдек және қытырлақ нан өнімдері қойылды.

b360c02a0be0aef3fd6bf42b89e32d93.jpg

Отандық команда фестивальға құрамында транс-майлар, қант және глютен жоқ дәстүрлі тәттілерді алып келген жалғыз команда болғандығын атап өту қажет.

5Y4A1068.JPG

Сондай-ақ, конкурста өз тәттілерін Ресей, Румыния, Молдова, Сербия, Әзербайжан, Кипр, Түркия, Франция, Қырғызстан және Индонезия сияқты елдердің қатысушылары ұсынды.

Халықаралық тәттілер фестивалі Әзербайжанның Мәдениет және туризм министрлігінің, Ұлттық аспаздық орталығы мен қаланың атқарушы билігінің бастамасы бойынша Шеки қаласында қатарынан екі жыл өтуде. Фестивальдың құрметті қонақтарының арасында Шеки атқарушы билігінің басшысы Эльхан Усупов пен Францияның Әзербайжандағы елшісі Паскаль Монье болды.

Қазылар алқасының құрамына атақты аспаздар, WACS мүшелері шақырылды, олардың ішінде Сталик Ханкишиев пен Елена Сучкова (Ресей), Елена Чиобани (Молдова), Юлиа Драгут (Румыния), Фаик Буйрукчу (Түркия), Елена Машинская (Қазақстан), Марко Петрович (Сербия), Сафаргюль Турдубекова (Қырғызстан) және басқалар болды.