Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында қазақстандықтарды ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіретін, еліміздің егемендігін және мемлекеттілік дәстүрлерінің сабақтастығын айшықтайтын ұлттық мереке – Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында адал еңбек пен жоғары кәсібиліктің маңызына, сондай-ақ Президент Іс басқармасы мен оған қарасты ұйымдардың еліміздің дамуы мен өркендеуіне қосып отырған үлесіне ерекше назар аударылды.
Кәсіби қызметтегі еңбегі мен адалдығы үшін қызметкерлер «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдарымен марапатталып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен атап өтілді.