Басты бет«Бурабай» МҰТП аумағында заңсыз аң аулау фактісі анықталды

«Бурабай» МҰТП аумағында заңсыз аң аулау фактісі анықталды

2015 жылғы 28 қазаннан 29 қазанға қараған түні «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің кезекші инспекторлары Бурабай аудандық ішкі істер бөлімінің табиғатты қорғау полициясымен бірлесіп «Бурабай» МҰТП қорғау аймағының аумағына күн сайынғы рейд жургізу барысында заңсыз аң аулау фактісін анықтаған деп хабарлайды ҚР Президенті Іс басқармасының баспасөз қызметі.

Заңсыз аңшылықты белгісіз тұлға жасаған, оның кім екендігі анықталуда, заңсыз ауланған 2 елік тәркіленді.

Заңсыз аң аулау нәтижесінде Ұлттық паркке 200 АЕК көлемінде зиян келтірілген.

Істің материалдары Бурабай аудандық ішкі істер бөліміне жіберілді. Тергеу амалдары жүргізілуде.