Басты бет › Астанада ҚР ПІБ жүйесінің қызметкерлері арасында қазақ күресінен жарыс өтті

Астанада ҚР ПІБ жүйесінің қызметкерлері арасында қазақ күресінен жарыс өтті

Астанада ҚР ПІБ жүйесінің қызметкерлері арасында қазақ күресінен жарыс өтті Астанада ҚР ПІБ жүйесінің қызметкерлері арасында қазақ күресінен жарыс өтті Астанада ҚР ПІБ жүйесінің қызметкерлері арасында қазақ күресінен жарыс өтті

Астанадағы «Abyroi» спорт кешенінде ҚР Президенті Іс басқармасының ведомстволары мен ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметкерлерінің арасында қазақ күресінен жарыс ұйымдастырылды. Спорттық дода жыл сайынғы спартакиада аясында өтті.

Жарыстың мақсаты – ұлттық спортты ұлықтау, қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау және қызметкерлерді бұқаралық спортқа тарту.

Қатысушылар 82 келіге дейінгі және 82 келіден жоғары салмақ дәрежелерінде белдесті. Жарыс қазақ күресінің қолданыстағы ережелеріне сай өткізіліп, белдесулерді төрешілер алқасы бағалады.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ «Ең үздік әдіс» және «Ең жасы үлкен қатысушы» номинациялары бойынша үздіктер анықталды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері

82 келіден жоғары салмақ дәрежесі

І орын – Жансерік Қыдырбай, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әкімшілік ғимараттар дирекциясы.

ІІ орын – Шоқан Әмірбеков, ҚР Президенті Іс басқармасының Автошаруашылығы.

ІІІ орын – Бахтияр Серікбай, ҚР Президентінің Іс басқармасы.

82 келіге дейінгі салмақ дәрежесі

І орын – Ділмұхаммед Сүйінш, Қазақстан Республикасы Құрылтайының Шаруашылық басқармасына қарасты Автошаруашылық.

ІІ орын – Ернұр Тұрсын, Қазақстан Республикасы Құрылтайының Шаруашылық басқармасына қарасты Әкімшілік ғимараттар дирекциясы.

ІІІ орын – Асқар Қарибаев, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әкімшілік ғимараттар дирекциясы.

Арнайы номинациялар

«Ең үздік әдіс» – Асқар Қарибаев, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әкімшілік ғимараттар дирекциясы.

«Ең жасы үлкен қатысушы» – Бауыржан Әлиякпаров, Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы.

Мұндай жарыстар ұлттық спортқа деген қызығушылықты арттырып, қызметкерлер арасындағы ынтымақты нығайтуға және қазақ күресінің дәстүрін кеңінен дәріптеуге ықпал етеді.