Басты бетҚР Президентінің Іс басқармасында ведомстволық қарасты ұйымдардың басшылары үшін тиімді басқару ж...

ҚР Президентінің Іс басқармасында ведомстволық қарасты ұйымдардың басшылары үшін тиімді басқару жөнінде тренингтер өтті

ҚР Президентінің Іс басқармасында ведомстволық қарасты ұйымдардың басшылары үшін тиімді басқару және маркетингтік жылжыту жөнінде семинарлар өтті, деп хабарлайды ҚР ПІБ баспасөз-қызметі.

семинар 2.jpg

Барлық ведомстволық қарасты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарлары «Басқарушылық қызметте тиімді ойлау техникасы», «Ұйымдарда мінез-құлық басқару» және «Қызметтерді маркетингтік жылжыту және сауда-саттықты дамыту» тақырыптарындағы семинарлардың қатысушылары болды. 

семинар1.jpg

Іс-шараны бизнес-тренерлер - экономика ғылымдарының кандидаты, МАБ/ АЛМУ профессоры Ақмарал Алталиева, «Ойлау технологиялары институты» жобасының авторы Жексен Жалқыбаев және Қазақстандық маркетинг, жарнама және PR федерациясының президенті Тимур Сәбитов өткізді.

Аталған семинарлар басқарушылық қызметте интеллект-карталарды қолдану, коммуникациялық процесті тиімді құру және қақтығыстарды ұйымдастырушылық деңгейде басқару теориясымен және практикасымен танысу арқылы басшылардың біліктілігін арттыруға арналған. 

Сонымен қатар, тренингтер тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін көпфакторлық пен жүйелі талдау негізінде зияткерлік білімді оңтайландыру және жұмылдыруға бағытталған түрлі техникаларды қамтыды. 

Тренингтерге барлық қатысушылар олардың практикалық құндылығын атап өткенін және алған білімдерін өздерінің кәсіби қызметіне енгізуге ниет білдіргенін атаған жөн.