Басты бет › ҚР ПІБ-де лудоманияның алдын алу мәселелері талқыланды

ҚР ПІБ-де лудоманияның алдын алу мәселелері талқыланды

ҚР ПІБ-де лудоманияның алдын алу мәселелері талқыланды ҚР ПІБ-де лудоманияның алдын алу мәселелері талқыланды ҚР ПІБ-де лудоманияның алдын алу мәселелері талқыланды ҚР ПІБ-де лудоманияның алдын алу мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында «Лудомания: жасырын індет және онымен күресу жолдары» тақырыбында семинар өтті. Оған ҚР ПІБ орталық аппараты мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері қатысты.

Іс-шараны Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға тәуелділіктің зардаптары мен оған байланысты қауіп-қатерлер туралы білімін арттыру, сондай-ақ қызметтік әдеп қағидаттарын сақтау мәселелерін түсіндіру мақсатында ұйымдастырды.

Семинарды ҚР ПІБ Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі Рахат Бекқадамов ашып сөз сөйледі.

Семинарда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқық қорғау органдары академиясы Қылмыстық процесс проблемаларын зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері Талғат Маханов баяндама жасады.

Ол құмар ойындарға тәуелділіктің туындау себептері мен даму кезеңдеріне тоқталып, оның адамның қаржылық жағдайына, отбасылық қарым-қатынасына және кәсіби қызметіне тигізетін кері әсерін түсіндірді. Нақты мысалдар мен тақырыптық бейнероликтер арқылы құмар ойындарға әуестенудің тәуелділікке ұласып, адамның өміріне елеулі зиян келтіруі мүмкін екенін жеткізді.

Бұдан бөлек, дропперлік, азаматтарды заңсыз қаржылық схемаларға тарту тәсілдері және мұндай әрекеттерге қатысудың құқықтық салдары туралы айтылды. Семинар интерактивті форматта өтіп, спикер қатысушыларға сұрақтар қойып, оларды пікір алмасуға және ықтимал қауіптерді талқылауға тартты.

Семинар қорытындысында құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.