Басты бет › 24 сенбілік және 7 мыңға жуық қатысушы: ҚР ПІБ «Таза Қазақстан» бастамасын қалай жүзеге асыруда

24 сенбілік және 7 мыңға жуық қатысушы: ҚР ПІБ «Таза Қазақстан» бастамасын қалай жүзеге асыруда

24 сенбілік және 7 мыңға жуық қатысушы: ҚР ПІБ «Таза Қазақстан» бастамасын қалай жүзеге асыруда 24 сенбілік және 7 мыңға жуық қатысушы: ҚР ПІБ «Таза Қазақстан» бастамасын қалай жүзеге асыруда 24 сенбілік және 7 мыңға жуық қатысушы: ҚР ПІБ «Таза Қазақстан» бастамасын қалай жүзеге асыруда 24 сенбілік және 7 мыңға жуық қатысушы: ҚР ПІБ «Таза Қазақстан» бастамасын қалай жүзеге асыруда 24 сенбілік және 7 мыңға жуық қатысушы: ҚР ПІБ «Таза Қазақстан» бастамасын қалай жүзеге асыруда 24 сенбілік және 7 мыңға жуық қатысушы: ҚР ПІБ «Таза Қазақстан» бастамасын қалай жүзеге асыруда 24 сенбілік және 7 мыңға жуық қатысушы: ҚР ПІБ «Таза Қазақстан» бастамасын қалай жүзеге асыруда

2026 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы мен оған қарасты ұйымдар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясындағы жүйелі жұмысты жалғастырды. Экологиялық іс-шаралар Астана, Алматы және Бурабайда ұйымдастырылып, қоғамдық орындар мен саябақтарды, жағалауларды, өзен-көлдердің маңын, сондай-ақ орман алқаптарын қамтыды.

Жыл басынан бері Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы жүйесіне қарасты ұйымдар 24 сенбілік өткізді. Оларға 7 мыңға жуық адам қатысып, 6 мыңнан астам қап қоқыс жиналды. Аумақтарды тазалап, қоқыс жинаумен қатар, қызметкерлер абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

Астанада «Мөлдір бұлақ» бастамасы аясында қызметкерлер өзендер мен арналардың жағалауларын тазалап, қураған ағаштар мен бұтақтарды, қамыс пен жиналған қоқысты шығарды. Жұмыстар «Батыс» саяжай алабында, арамшөптер шабылған қар полигоны аумағында, сондай-ақ Бөкейхан, Керей-Жәнібек хандар, Нәжімеденов және Шәймерденов көшелерінің бойындағы учаскелерде жүргізілді. Сенбіліктер барысында ағаштар отырғызылып, жасыл желекті аумақтар мен абаттандыру нысандары ретке келтірілді.

Алматыда қызметкерлер Үлкен Алматы өзенінің бойын, саябақтар мен жағалауларды, сондай-ақ басқа да қоғамдық орындарды тазалады. Жұмыстар Бәйсейітова, Шевченко, Қабанбай батыр, Назарбаев, Жамбыл және Панфилов көшелері маңында, Ұлттық госпиталь мен Абай атындағы опера және балет театрының аумағында жүргізілді. Мұнда қоқыс пен қураған өсімдіктер жиналып, көгалдар мен жасыл желекті аумақтар ретке келтірілді, ағаштар мен жиектер әктелді. Сонымен қатар жұмыстар «Almaty Resort» аумағын, Алматы ауыр машина жасау зауыты маңындағы учаскелерді және Қарасу өзенінің бойын қамтыды.

Бурабайда экологиялық іс-шаралар орман алқаптарын, көл жағалауларын, шолу алаңдары мен туристік нысандарды қамтыды. Қарасты ұйымдардың қызметкерлері ұлттық пар аумағын мен жағалауларды тазалап, қураған ағаштар мен жиналған қоқысты шығарды. Абылай хан алаңы, «Ақбура» саябағы, Текекөл көлінің маңы, визит-орталық, зообақ және «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің аумақтары ретке келтірілді. Санитарлық тазалық жұмыстарымен қатар, жасыл желектерді күтіп-баптау және аумақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Айта кету керек, ПІБ жүйесіндегі экологиялық жұмыс жекелеген сенбіліктер өткізумен ғана шектелмейді. «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы жұмыс бекітілген аумақтарды тұрақты абаттандыру мен көгалдандыруды, табиғатты қорғау іс-шараларын және экологиялық ағарту жұмыстарын қамтиды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы үшін «Таза Қазақстан» аясындағы жұмыс қызметтің тұрақты бағыттарының бірі болып табылады. Оның мақсаты – нақты аумақтардағы тазалық пен тәртіпті сақтаумен қатар, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру. Тазалықты сақтау мен табиғатты қорғау әр адамның күнделікті өміріндегі қалыпты әдетке айналуы тиіс.