Басты бет › Ұлттық госпитальді жаңғырту жаңа кезеңге өтуде

Ұлттық госпитальді жаңғырту жаңа кезеңге өтуде

Ұлттық госпитальді жаңғырту жаңа кезеңге өтуде Ұлттық госпитальді жаңғырту жаңа кезеңге өтуде Ұлттық госпитальді жаңғырту жаңа кезеңге өтуде

«Совминка» аумағында болашақ медициналық кешен құрылысына арналған алаңды дайындау жұмыстары аяқталуға жақын. Жоба белсенді кезеңге жаңа нысандар салуға, заманауи инженерлік инфрақұрылым құруға және госпитальдің қолданыстағы ғимараттарын реконструкциялауға көшуде.

Жоба аясында жаңа емдеу-диагностикалық ғимарат, автотұрағы бар зертханалық ғимарат, тарату қосалқы станциясы, медициналық газдар станциясы және басқа да нысандар салынады. Стационар мен әкімшілік корпустың қолданыстағы ғимараттары реконструкциядан өтеді.

Алматы қаласының қала құрылысына қойылатын шектеулері мен сейсмикалық ерекшеліктері ескеріле отырып, жаңа ғимараттардың биіктігі бес қабаттан аспайтындай етіп жобаланған. 

Сонымен қатар, Ұлттық госпиталь есептік сейсмикалығы 9 балл болатын аймақта орналасқандықтан, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның ғылыми-техникалық сүйемелдеуімен әзірленген жобалық шешімдер арнайы сейсмооқшаулағыштарды қолдануды көздейді. Олар жер сілкінісінің ғимарат конструкцияларына әсерін азайтып, олардың орнықтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жаңа инженерлік инфрақұрылым қалыптастырылуда. Қазіргі кезеңде жаңа тарату қосалқы станциясы салынып, жеке электр беру желісі тартылуда. Жұмыстар аяқталғаннан кейін жаңа жүйе «Совминканы» және оған жақын орналасқан тұрғын үйлерді электр энергиясымен қамтамасыз етудің сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Құрылыс аяқталғаннан кейін жаңа және қайта жаңғыртылған ғимараттар  бірыңғай медициналық кешенге біріктіріледі. Архитектуралық және технологиялық шешімдер науқастар мен персонал ағындарын бөлуге, «таза», «лас» және «стерильді» үдерістерді ажыратуға, сондай-ақ заманауи медициналық логистиканы ұйымдастыруға бағытталған. 

Болашақ госпитальді жобалау кезінде JCI стандарттарында көзделген тәсілдерді қоса алғанда, әлемдік озық тәжірибелер негізге алынды. Жобаны іске асыру Алматыда медициналық көмектің сапасына, науқастардың қауіпсіздігіне және емдеу үдерісін ұйымдастыруға қойылатын заманауи талаптарды біріктіретін әлемдік деңгейдегі медициналық кешен құруға мүмкіндік береді.