Басты бет › ПІБ-де қызметтік әдеп талаптары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер түсіндірілді

ПІБ-де қызметтік әдеп талаптары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер түсіндірілді

ПІБ-де қызметтік әдеп талаптары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер түсіндірілді

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған және жаңадан жұмысқа орналасқан қызметкерлермен кездесу өтті. Әдеп жөніндегі уәкілдер Шолпан Жұмағұлова мен Аида Балқашева мемлекеттік қызмет өткеру кезінде сақталуы тиіс Әдеп кодексінің негізгі талаптары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді түсіндірді.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Қатысушыларға мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары, қызметтік әдеп нормалары, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде және азаматтармен, әріптестерімен қарым-қатынас барысында сақтауы тиіс мінез-құлық талаптары таныстырылды.

Қызметтік тәртіпті сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар қолданыстағы заңнамада белгіленген талаптар мен шектеулерді бұзғаны үшін жауапкершілік түсіндірілді.

Кездесу барысында лауазымдық міндеттерді адал орындаудың, заңдылық, әділдік және кәсібилік қағидаттарын сақтаудың маңыздылығы атап өтілді. Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған қызметкерлерге қызметтік мінез-құлықтың негізгі стандарттары және жұмысқа кіріскен алғашқы күннен бастап сақталуы тиіс талаптар түсіндірілді.

Кездесу соңында қатысушылар қызметтік әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді практикалық қызметте қолдануға қатысты сұрақтарын қойып, тиісті жауап алды.