Басты бет › Астанада «Al Jazeera Week in Kazakhstan» халықаралық жобасының екінші маусымы басталды

Астанада «Al Jazeera Week in Kazakhstan» халықаралық жобасының екінші маусымы басталды

Астанада «Al Jazeera Week in Kazakhstan» халықаралық жобасының екінші маусымы басталды Астанада «Al Jazeera Week in Kazakhstan» халықаралық жобасының екінші маусымы басталды Астанада «Al Jazeera Week in Kazakhstan» халықаралық жобасының екінші маусымы басталды Астанада «Al Jazeera Week in Kazakhstan» халықаралық жобасының екінші маусымы басталды Астанада «Al Jazeera Week in Kazakhstan» халықаралық жобасының екінші маусымы басталды

«Al Jazeera Week Қазақстанда» білім беру жобасының екінші маусымы ҚР Президенті Телерадиокешенінің қатысуымен Maqsut Narikbayev University жанындағы Халықаралық журналистика мектебінде ашылды.

Жобаның ашылу салтанатына ҚР Президентінің Телерадиокешені директорының орынбасары Еркежан Күнтуған, Al Jazeera Media Institute директоры Эман Аль Амри, MNU басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев, студенттер, дәріскерлер және құрметті қонақтар қатысты.

Жаңа маусым аясында Al Jazeera Media Network мамандары қазіргі журналистиканың өзекті мәселелері, әлемдік ақпарат кеңістігіндегі маңызды үдерістер, цифрлық медианың дамуы және мазмұнды, жауапты әрі бәсекеге қабілетті ақпараттық ортаны қалыптастырудағы жаңа буынның рөлі жөнінде тәжірибе бөлісіп, пікір алмасады.

Халықаралық білім беру жобасы Қазақстанның медиа саласы өкілдері мен Al Jazeera Media Network мамандары арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды

Жоба 28 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтеді. Бес күндік бағдарламада деректер журналистикасы, цифрлық сторителлинг, журналистік зерттеу, мобильді журналистика, фактчекинг және ақпараттың шынайылығын анықтау, заманауи деректі журналистика, сондай-ақ сұхбат жүргізу әдістемесі сияқты өзекті бағыттарды қамтитын жеті білім беру бағдарламасы ұсынылады.

Бағдарламаға 130-дан астам бакалавриат студенті, медиасалада еңбек етіп жүрген 100-ге жуық маман, сондай-ақ магистранттар, докторанттар мен профессор-оқытушылар құрамы қатысады.

Теориялық және практикалық сабақтардан тұратын оқу бағдарламасы қорытындысында студенттер әр бағыт бойынша курстық жобаларын әзірлеп, қорғайды. Оқу нәтижесінде қатысушылар Al Jazeera Media Institute сертификатына ие болады.

Еске сала кетейік, 2023 жылы ашылған Халықаралық журналистика мектебі — ҚР Президентінің Телерадиокешені мен Maqsut Narikbayev University-дің бірлескен жобасы. Жоба талантты жастарды қолдауға, олардың кәсіби дамуына жағдай жасауға және қоғам мен мемлекеттің қазіргі заманғы коммуникациялық сұраныстарына жауап бере алатын болашақ журналистердің кәсіби кадрлар резервін қалыптастыруға бағытталған.