Басты бет ҚР Президентінің Іс басқармасында мемлекеттік тілді оқыту курсына қатысқан қызметкерлерге сертиф...

ҚР Президентінің Іс басқармасында мемлекеттік тілді оқыту курсына қатысқан қызметкерлерге сертификат табыс етілді

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында мемлекеттік тіл курсының тыңдаушыларына сертификат табыс етілді, деп хабарлайды ҚР ПІБ баспасөз қызметі.

«Ресми жазылым және мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» курсын тыңдағаны туралы сертификатты ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі Князбаев Бөрібай Қалмұханбетұлы табыс етті.

Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында Іс Басқармасы тіл заңнамасына сәйкес қазақ тілін оқыту курсын ұйымдастырды.

Оқу курсын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқытушылары Төленбергенова Нәзигүл Тұрысбекқызы және Ақтанова Ләззат Пернебекқызы өткізді.

Сабақ қазіргі заманғы оқыту әдістерін қолданумен жоғары кәсіби деңгейде өткізілді. Курс соңында тындаушылар қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау жөнінде тест тапсырды.