Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы және оған қарасты ұйымдарының қызметкерлері арасында жыл сайынғы спартакиаданың кезекті кезеңі өтті. Бұл жолы қатысушылар жүзуден бақ сынады.
Жарысқа тоғыз командадан 55 адам қатысты.
Сайыс ерлер мен әйелдер арасында 50 метр қашықтыққа жеке жүзу және 4 × 50 метр командалық эстафета бойынша өтті. Турнир спорттық әрі достық атмосферасында өтіп, қатысушылар жақсы физикалық дайындығын, командалық рухын және жоғары нәтижеге деген ұмтылысын көрсетті.
Ерлер арасындағы жеке жарыста ҚР Президентінің Телерадиокешені IT қызметінің аға әкімшісі Айдын Абылқасов бірінші орын алды. Екінші орынды Инженерлік-техникалық орталықтың жетекші бағдарламашысы Дмитрий Моисеенко иеленді. Үшінші орын ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы шаруашылық қызметінің спорт залы нұсқаушысы Александр Морозовқа бұйырды.
Әйелдер арасында «Бүркіт» авиакомпаниясының персоналды даярлау қызметінің маманы Камилла Джангалиева жеңімпаз атанды. Екінші орынды ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы шаруашылық қызметінің клининг-менеджері Ғалия Сулейменова, үшінші орынды ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы хирургия бөлімінің медбикесі Нұрбала Сақтапбергенова иеленді.
Командалық эстафетада Медициналық орталықтың командасы жеңіске жетті. Екінші орынға ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясының командасы, үшінші орынға «Бүркіт» командасы ие болды.
Айта кетейік, 2026 жылдың соңына дейін қазақ күресі мен волейболдан жарыстар өткізу жоспарланып отыр. Жыл басынан бері ПІБ жүйесінің қызметкерлері шахмат, шағын футбол, үстел теннисі, шаңғы және тоғызқұмалақ бойынша жарыстарға қатысты.