Басты бетҚонаевта Президент телерадиокешенінің кинолекторийі аясында деректі фильмдер көрсетілді

Қонаевта Президент телерадиокешенінің кинолекторийі аясында деректі фильмдер көрсетілді

Қонаевта Президент телерадиокешенінің кинолекторийі аясында деректі фильмдер көрсетілді Қонаевта Президент телерадиокешенінің кинолекторийі аясында деректі фильмдер көрсетілді Қонаевта Президент телерадиокешенінің кинолекторийі аясында деректі фильмдер көрсетілді Қонаевта Президент телерадиокешенінің кинолекторийі аясында деректі фильмдер көрсетілді Қонаевта Президент телерадиокешенінің кинолекторийі аясында деректі фильмдер көрсетілді

 

 Алматы облысында Қазақстан табиғаты және қоршаған ортаны қорғауға үлес қосып жүрген адамдар туралы деректі фильмдер көрермен назарына ұсынылды.

Президент Телерадиокешенінің 30 жылдығына арналған республикалық кинолекторийдің көрсетілімдері аяқталуға жақын. Қонаев – фильмдер көрсетілген соңғы қалалардың бірі. Биыл Деректі кино орталығы өз туындыларын еліміздің түкпір-түкпіріндегі көрермендерге ұсынды.

Қонаевтағы көрсетілім бағдарламасында «Aral», «Travel Kazakhstan», «Тамшы» және «Серт» фильмдері болды. Олардың әрқайсысы жеке тақырыпты қозғайды. Бір қарағанда, фильмдердегі тақырыптар әртүрлі: тартылып бара жатқан теңіз бен балықшының тағдыры, жойқын су тасқыны және табиғи апатты бастан өткерген адамдар, экология мен туризм.

Дегенмен бұл оқиғалардың бәрін біріктіретін ортақ нәрсе – олардың шынайы оқиғаларға негізделуі. Әр кадрдың артында нақты оқиға, әрбір оқиғаның артында оны бастан өткерген адам бар. Әр фильм осы адамдардың тағдырын арқау ете отырып, ел тарихының бір бөлігін экран арқылы жеткізеді. Бұл көрерменге сол оқиғаларға тереңірек үңілуге мүмкіндік берді.

Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Төлеген Кенжебековтің айтуынша, облыс тұрғындарына көрсетілген фильмдер табиғатты қорғау сынды өзекті мәселелерді көтеріп, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үндейді.

«Бұл фильмдер маған көп ой салды. Алғашқы фильм Арал теңізіне арналған. Бүгінде қолда барымызды бағалау керек. Табиғатқа ұқыпты қарау, тазалықты сақтау және қоршаған ортаны қорғау мәдениетін одан әрі қалыптастыруымыз қажет», — деді Төлеген Кенжебеков.

Ол экологиялық жауапкершілік жекелеген іс-шаралармен ғана шектелмеуі керек екенін, керісінше, күнделікті мәдениеттің бір бөлігіне айналуы тиіс екенін атап өтті.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы бір реттік науқан емес екеніне көз жеткізіп отырмыз. Бүгінде қоршаған ортаға жауапкершілікпен және саналы түрде қарау мәдениеті қазіргі ұрпақтың бойына сіңіп, өміріміздің бір бөлігіне айналып келеді», — деді Төлеген Кенжебеков.

Деректі кино орталығының редакторы әрі сценарий авторы Нұрлан Қабдай Қазақстанның әр өңірінде өткен көрсетілімдер барысында көрермендердің экологиялық тақырыпқа ерекше қызығушылық танытқанын байқаған. Сөзінше, деректі киноның мәні де осында – ауқымды мәселені нақты адамның өмірі арқылы көрсетіп, оны көрерменге жіті түсіндіреді.

«Каспий мен Арал мәселесі тек Қазақстанға тиісті емес, бұл – жаһандық проблема. Егер Каспий 1980–1990 жылдардағы Арал теңізінің тағдырын қайталаса, бұл әлемдік деңгейдегі экологиялық мәселеге айналады. Сондықтан «Тамшы» фильмі көрермендердің қызығушылығын тудырып отыр», — деді Нұрлан Қабдай.

Бұл фильм БҰҰ жариялаған Халықаралық волонтерлер жылы аясында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен түсірілген. Фильмнің тақырыбы елдегі экологиялық күн тәртібіне жақын. Ол азаматтық жауапкершілікке, табиғатқа ұқыпты қарауға және экологиялық мәселелерді шешуге атсалысуға үндейді.

Фильм эпизодтарының бірінде жараланған бірқазанның құтқарылуы баяндалады. Қанаты сынған құсты жергілікті тұрғындар тауып алып, еріктілерге хабарласады. Осылайша бірқазан Алматы хайуанаттар бағына жеткізілді.

Фильмде Каспий теңізінің эндемигі – итбалықты сақтау мәселесі де көтерілген. Онда жағалаудан қырылған жануарлар табылғаннан кейін еріктілер мен мамандардың жүргізген жұмысы, сондай-ақ зерттеу үшін биоматериал алу процесі көрсетіледі.

Нұрлан Қабдайдың айтуынша, «Тамшы» фильмінің негізгі идеясы – Каспийдің экологиялық мәселелеріне назар аударумен қатар, әр адамның жеке жауапкершілігін қалыптастыру.
 
«Тамшының идеясы – тазалық әрқайсымыздан басталуы керек деген ой. Біз «Таза Қазақстан» дейміз. Бірақ бұл идеяның шын мәнінде жүзеге асуы үшін қоғамда экологиялық мәдениет қалыптасуы қажет. Егер әр адам өзінен бастап, үйінің айналасын, ауылын, қаласын немесе өңірін таза ұстауға атсалысса, экологиялық жағдайды жақсарта аламыз», — деді ол.

Көрермендердің бірі Аяжан Асқар фильмнен алған әсерін бөлісті. Оның айтуынша, туынды қоршаған орта алдындағы жеке жауапкершілігіне деген көзқарасын өзгерткен.

«Табиғатты қорғау тек экологтар мен мемлекетке байланысты емес, әр адам өз үлесін қоса алады. Әсіресе уақыты мен күшін осы іске арнап жүрген еріктілерге алғыс айтқым келеді. Фильмді көргеннен кейін олардың еңбегінің қаншалықты маңызды екенін түсінесің», — деді Аяжан.