Басты бетҚР Президентінің Іс басқармасында басқарушылық салада тиімді ойлану жөнінде тренинг өткізілді

ҚР Президентінің Іс басқармасында басқарушылық салада тиімді ойлану жөнінде тренинг өткізілді

ҚР Президентінің Іс басқармасында ведомстволық қарасты ұйымдардың басшылары үшін «Басқарушылық қызметте тиімді ойлану техникасы» атты тренинг өтті, деп хабарлайды ҚР ПІБ баспасөз қызметі. 

DSC_0941.jpg

Тренинг тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін көпфакторлық және жүйелі талдау негізінде интеллектуалдық білім байлығын оңтайландыру мен жұмылдыруды көздейтін түрлі техникалармен танысуды қамтыды. Әдіснамалық принциптер синтезінен тұратын бұл жүйе енді ғана ТМД елдерінде практикалық қолдануға енгізілуде. 

DSC_0954.jpg

Осы іс-шараны бизнес-тренер және «Ментальды технологиялар институты» жобасының авторы Жексен Жалқыбаев өткізді. Ол тренинг конструктивтік іскери түрде өткенін атап өтті.

DSC_0969.jpg

«Осы курс шаруашылық нысанына қарамастан түрлі санаттағы басқарушыларға арналған. Ол тиімді шешімдер қабылдау әдістерін қамтиды, кәсіби деңгейді жоғарылатуды және мемлекеттік құрылымдардан коммерциялық ұйымдарға дейін кәсіпқой ұлттық басқарушылар корпусын құруды көздейді. Тренинг көтеріңкі көңіл-күйде және тиімді өткенін атап өтемін», - деп Ж. Жалқыбаев айтты.

DSC_0985.jpg

Сонымен бірге, тренер осы курстың МВА (Іскери әкімшілендіру магистратурасы) бағдарламасына сәйкес әзірленгенін және Еуропаның бизнес-мектептерінде және басқарушылық практикасында белсенді қолданылып жатқанын нақтылады.