Басты бетМедициналық орталық ауруханасында жүрек-қантамыр жүйесіне кешенді бағалау қалай жүргізіледі

Медициналық орталық ауруханасында жүрек-қантамыр жүйесіне кешенді бағалау қалай жүргізіледі

Медициналық орталық ауруханасында жүрек-қантамыр жүйесіне кешенді бағалау қалай жүргізіледі Медициналық орталық ауруханасында жүрек-қантамыр жүйесіне кешенді бағалау қалай жүргізіледі Медициналық орталық ауруханасында жүрек-қантамыр жүйесіне кешенді бағалау қалай жүргізіледі

Жүрек-қантамыр аурулары әрдайым бірден байқала бермейді. Кейде олар іс жүзінде еш белгісіз дамиды. Сондықтан адам өзін жақсы сезінгеннің өзінде артериялық қан қысымын, қандағы холестерин мен қант деңгейін үнемі тексеріп отыру маңызды. Негізгі қауіп факторларына артық салмақ, темекі шегу, дене белсенділігінің төмендігі, теңгерімсіз тамақтану, созылмалы күйзеліс және тұқым қуалаушылық та жатады.

ҚР ПІБ қарасты Медициналық орталығының ауруханасында жоғары санатты кардиологы Ақмарал Молдажанованың айтуынша, кеудедегі ауырсынудың өзі әрдайым жүрекке байланысты бола бермейді.

«Кеудедегі кез келген ауырсыну жүрек ауруының белгісі емес. Ол бұлшықеттерге, омыртқаға, асқазан-өңеш жолына немесе басқа ағзаларға байланысты болуы мүмкін. Алайда ауырсыну кеуде қуысының ортасында пайда болып, қысатын немесе басатын сипатта болса, кеудеде ауырлық сезімі байқалса және ауырсыну сол немесе екі қолға, иыққа, арқаға, мойынға немесе жаққа тараса, оған ерекше назар аудару қажет», – дейді маман.

Ауырсыну бірнеше минут немесе одан да ұзақ уақытқа созылып, ентігу, суық тер басу, қатты әлсіздік, жүрек айну немесе бас айналу сияқты белгілермен қатар жүрсе, медициналық көмекке жүгінуді кейінге қалдырмаған жөн.

Жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу үшін мамандар темекі шегуден бас тартуды, тұзды және шамадан тыс майлы тағамдарды тұтынуды шектеуді, көкөністер мен жемістерді көбірек жеуді, дене салмағын бақылауды және тұрақты дене белсенділігін сақтауды ұсынады. Ересектердің басым бөлігі үшін орташа қарқынды дене белсенділігінің аптасына кемінде 150 минут болуы оңтайлы көрсеткіш саналады.

Медициналық орталығының ауруханасында жүрек-қантамыр жүйесінің жағдайын кешенді бағалау үшін электрокардиография, эхокардиография, ультрадыбыстық допплерография, strain-эхокардиография, Холтер бойынша ЭКГ-ны тәулік бойы мониторингілеу, артериялық қан қысымын тәулік бойы мониторингілеу және зертханалық диагностика жүргізіледі.

Қажет болған жағдайда коронарография, жүректің МРТ-сы, миокард сцинтиграфиясы және басқа да зерттеулер жасалады. Емдеу әр пациентке жеке таңдалып, оның тиімділігі мен қауіпсіздігі динамикада бағаланады.