Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында мемлекеттік қызметке алғашқы рет және жаңадан қабылданған қызметкерлердің салтанатты түрде ант беру рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР ПІБ баспасөз қызметі.
Іс-шараны Іс Басқармасының аппарат басшысы Мұрат Әйтенов ашып, мемлекеттік қызметшінің жұмысы үлкен жауапкершілік жүктейтінін және әрбір мемлекеттік қызметші Қазақстан халқына адал қызмет етуге және мемлекет мүддесін қорғауға тиіс екендігін атап өтті.
Орталық аппараттың 3 қызметкері және 1 Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары ант қабылдады.