Басты бетСҚО-да ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтуде

СҚО-да ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтуде

СҚО-да ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтуде СҚО-да ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтуде СҚО-да ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтуде СҚО-да ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтуде СҚО-да ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтуде

Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері өтуде. Екі күн бойы ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы мен Ұлттық госпиталь мамандары Петропавл қаласында пациенттер мен өңірдің медицина қызметкерлеріне арналған практикалық және білім беру іс-шараларын өткізеді.

Бағдарламаның практикалық бөлігі Көпбейінді облыстық ауруханада өтіп жатыр. ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының дәрігерлері бірнеше бағыт бойынша хирургиялық араласулар, оның ішінде лапароскопиялық, ангиографиялық, урологиялық, гинекологиялық және оториноларингологиялық операциялар жасауда. Сондай-ақ мамандар хирургия, нейрохирургия, урология, гинекология және оториноларингология бағыттары бойынша пациенттерге консультация береді.

«Өңірлерге шығу форматы пациенттерге практикалық көмек көрсетумен қатар, жергілікті әріптестермен тікелей тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Операциялар жергілікті мамандардың қатысуымен жүргізіледі. Бұл қолданылатын әдістер мен пациенттерді жүргізу тәсілдерін практика жүзінде талқылауға мүмкіндік береді. Бағдарламаның тағы бір маңызды бөлігі – консультациялар мен клиникалық жағдайларды бірлесіп талдау», – деді хирург Талғат Уразов.

Бағдарламаның жеке бөлігі Солтүстік Қазақстан облысының дәрігерлерімен кәсіби тәжірибе алмасуға арналған. ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының мамандары гастроэнтерология, пульмонология, ревматология, анестезиология және реаниматология, эндокринология және ядролық медицина бағыттары бойынша онлайн-презентациялар, семинарлар өткізіп, клиникалық жағдайларды талқылайды.

Білім беру бағдарламасына ҚР ПІБ Медициналық орталығы Ұлттық госпиталінің мамандары да қатысуда. Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының негізінде реаниматолог дәрігер Сабыржан Амрин анестезиологтар мен реаниматологтарға инсульт алған пациенттерге интервенциялық нейрохирургиялық операциялардан кейін реанимациялық көмек көрсету және қарқынды терапия жүргізу бойынша семинар өткізді.

Сондай-ақ Ұлттық госпиталь мамандары жедел гастродуоденалдық қан кету, жатыр мойны обырының алдын алу, менопауза және гормондарды алмастыру терапиясы, сондай-ақ аналық бездердің поликистозды синдромы мәселелері бойынша онлайн-семинарлар өткізеді.

Медициналық орталық күндерін өткізу өңір медицинасының дамуына ұзақ мерзімді әсер етеді. Пациенттерге тікелей көмек көрсетумен қатар, мұндай іс-шаралар жергілікті мамандарға практикалық тәжірибе беруге және алдағы уақытта облыстың медициналық ұйымдарында қолдануға болатын заманауи емдеу әдістерінің аясын кеңейтуге мүмкіндік береді