«Аталған кешен жақында ғана Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ашылған. Кешенде барлық халықаралық сапа стандарттарына сай келетiн медициналық құрал-жабдық бар. Бұрын қазақстандықтарға диагностикалық зерттеуден өту үшiн шетелге баруға тура келетін еді, ал бүгін болса мұндай қажеттiлiк жоқ. Осы орталық ашылғалы жаңа ауруханада тексеруден өтуге болады», - деп атап өтті Б.Сапарбаев аурухана ұжымының жалпы жиналысында.
Медициналық мекемемен танысу ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы Ауруханасының басшысы Вячеслав Дудниктің жетекшілігімен өтті. Қонақтар кешеннің техникалық жабдықталуын бағалап, медициналық көмек көрсету жүйесімен танысуға мүмкіндік алды.
Жаңа кешеннің концепциясы адам – басты назарда деген ұғымға негізделген және әлемдік стандарттар мен ең жаңа медициналық технологияларға сәйкес пациенттерге қызмет көрсету үшін барлық қолайлы жағдайлар жасауды көздейді.
Мұнда медициналық жәрдем көрсетудің (амбулаториялық-емханалық, мамандандырылған, жоғары мамандандырылған көмектен оңалтуға дейін) барлық кезеңдері ескеріліп, стационарлық және емханалық пациенттер ағымы барынша бөлінген.
Бөлімшелер медициналық техника өндірісіндегі жетекші көшбасшылар ұсынған құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Кешеннің 200 орындық стационары, 8 операциялық бөлмесі, оның ішінде 1 гибридтік бөлмесі, бір ауысымда 1000 адам қабылдайтын 4 емханасы және 24 орынға арналған күндізгі стационары бар.
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Ауруханасында жоғары білікті персонал жұмыс істейді, оның ішінде медицина ғылымдарының 11 докторы мен 24 кандидаты бар, дәрігерлердің жартысынан астамы жоғары санатқа ие. Емдеудің жоғары стандарттары кәсіби біліктілікті тұрақты жетілдіруді талап ететінін ескеріп, аурухананың медициналық мамандары жақын және алыс шет елдердің алдыңғы қатарлы клиникаларында оқудан өткен.
Бұл кешен ресурс үнемдейтін технологиялар саласындағы соңғы инновациялық әзірлемелер бойынша жабдықталған, оның құрамына бірегей диагностикалық блок және ядролық медицина бөлімшесі кіреді.
Аурухана кешенді автоматтандыру жүйесі есебінен «ақылды ғимарат» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Ғимарат пен оның инфрақұрылымының жұмысын қамтамасыз ететін негізгі жүйелер мониторингі мен басқару автоматтандырылған.